Қазақстан Қытайды тұрақты рейстерді қалпына келтіруге шақырды
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 10-шы отырысы өтті. Ынтымақтастық комитеті отырысында жүк тасымалдау мәселелері талқыланды.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай кеше бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Хань Чжэннің тең төрағалығымен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 10-шы отырысы өтті.
Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі жүк тасымалдауға қолайлы жағдай жасау болды. Әлихан Смайылов қолданыстағы шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттырып, әлі де жабық тұрған «Қалжат-Дулаты» және «Майқапшағай-Зимұнай» автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысын қалпына келтіруді ұсынды.
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов «Достық-Алашаңқай» және «Алтынкөл-Қорғас» стансаларында Қазақстаннан келетін жүк пойыздарының санын тәулігіне 18 бірлікке дейін арттыруды, сондай-ақ барлық жүктерді қабылдауға шектеулерді алып тастауды ұсынды. Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы азаматтарына, оның ішінде студенттерге кіру визаларын беруді қалпына келтіруді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіруді ұсынды.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, кеден, көлік, теміржол, сауда-экономикалық, су шаруашылығы, энергетика, ғылыми-техникалық, қаржылық, мәдени-гуманитарлық, экология және геологиялық ынтымақтастық жағдайын тылқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық