Қазақстан Қытайдағы қазақстандықтарды салық төлеуден босатуға қарсы шықты
Қазақстан үкіметі Қытайдағы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы мемлекетаралық институтының қазақстандық қызметкерлерін салық төлеуден босатуға қарсы шықты.
«1. Қоса беріліп отырған Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровқа Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 21-баптың тармағына мынадай ескертпемен қол қоюға өкілеттік берілсін;
«Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, ОИ персоналының мүшелері өздеріне ОИ төлейтін айлықақылары мен сыйақыларына салық салудан босатылады» делінген үкімет қаулысында.
21-баптың тармағында Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтының персоналы «Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтына мүше ел өзінің ратификациялау грамотасымен бірге: қабылдау немесе бекіту, мұндай мүшенің өзі және оның саяси бөлімшелері үшін жағдайға қарай Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтына мүше – елінің азаматтарына немесе азаматтарына төлейтін жалақы мен сыйақыға салық салу құқығын сақтайтыны туралы мәлімдемені жібереді.
«Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтының құрудың мақсаты ОАӨЭЫ аймағында экономикалық өсуді жеделдету мақсатына қол жеткізу үшін тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін білім мен әлеуетті дамыту арқылы ОАӨЭЫ (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы) сапасын арттыру болып табылады» делінген келісім хабарламасында.
Қазақстан мен Қытайдан басқа, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан және Түркіменстан да Қытайда бас кеңсесі бар Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтын құру туралы келісімге қол қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық