Қазақстан вакциналау бойынша 86 елдің ішінде 58 орында
Қазақстанда халықтың үштен бір бөлігі екпе алуға қарсы.
Бұл туралы Orda.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Елдегі вакциналау деңгейі Азиядағы және бүкіл әлемдегі ең нашар көрсеткіштерге жатады.
Қазақстан 86 елдің ішінде 58-ші орында тұр, жалпы халықтың 17,76%-ында кем дегенде вакцинаның бір компонентін алған. Сонымен қатар орта есеппен әлемде вакцина деңгейі 23,52%, Азияда 23,74% құрады.
Көрсеткіш бойынша көшбастап тұрған – Мальта, Исландия және Мэн аралы. Онда вакцинаның кем дегенде бір дозасын қабылдаған адамдардың үлесі халықтың 74%-дан 81%-на дейінгі аралықта.
Demoscope Express мониторинг бюросы халық арасында жүргізген сауалнамаға сәйкес:
Пандемия басталғалы бері респонденттердің 34%-ы вакцинаға деген көзқарасын өзгерткен, 9% -ы мүлде қарсы, 30%-ы әрдайым вакцинаны қолдайды және 14%-ы тек бастапқыда қарсы болған.
Сұхбаттасқан адамдардың 59% вакциналауды оң қабылдайды, 23% бейтарап, 12% теріс.
Сонымен қатар, респонденттердің 14%-ы вакцинацияланған, 26%-ы болашақта екпе алады, 32%-ы екпе алғылары келмейді. Вакцинаны салдырғысы келмейтіндердің арасында 14% қарсы көрсетілімдері бар, 4% салдардан қорқады, 3% қазірдің өзінде ауырып, вакцинаны пайдасыз деп санайды.
Сауалнамаға қатысушылардың 62%-ы ресейлік Sputnik-V вакцинасына көбірек сенеді, 12%-ы қазақстандық QazVac, 2%-ы Pfizer және AstraZeneca-ны ең жақсы вакциналар деп атады, халықтың тағы 1% қытайлық Sinovac Biotech-ке дауыс берді.
Шілде айының басында Қазақстанда ауру саны 428 мыңнан астам адамды құрады, 4 400 адам қайтыс болды. 3,5 млн адам бірінші компонентпен, 2,1 млн адам екінші компонентпен вакцинацияланды.
Әлемде дәл осы күні, worldometers.info статистикасы бойынша, АҚШ-та, Үндістанда және Бразилияда ауру өршіп тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық