Қазақстан Украинаның тағдырын қайталай ма?
фото: Ulysmedia.kz
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан 30 жыл бойғы ұстанымынан ауытқымауы тиіс деп есептейді.
Бұл туралы Orda.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ертісбаевтың айтуынша, КСРО құлаған соң пайда болған барлық шекара өзгеріссіз және қасиетті болып қалуы керек.
– Бұл жағдайға дұрыс немесе бұрыс деп баға беруден аулақпын, нақты фактілерге тоқталайын. Ресейдің ЛХР мен ДХР-ді мойындауы соңғы 6 жыл бойы күтілген саясат еді. Одан көп болмаса. ЛХР мен ДХР Ресей экономикасы шеңберінде жұмыс істейді. Украина мен Киевтің қалған бөлігімен ешқандай экономикалық немесе сауда-саттық байланысы жоқ.
Оның үстіне ЛХР мен ДХР-дің мыңдаған тұрғыны Ресейдің құжатын алған. Менің не туралы айтып тұрғаным түсінікті шығар? Сол себепті бұл шешім мен үшін ешқандай да жаңалық болмады, – деді Ермұхамет Ертісбаев.
Саясаткер Ресейдің Украинаның шығысында ҰҚШҰ күшін пайдалану ықтималдылығына тоқталды. Айтуынша, Ресей бұл ұйымның көмегіне жүгіне қоймайды.
– Ықтималдылықты нөлге теңестіремін. Себебі, ҰҚШҰ тек бір жағдайда жұмыс істей алады. Біріншіден, Ресейге әскери шабуыл жасалса, екіншіден, Ресей Федерациясының өзі ҰҚШҰ әскерінен көмек сұраса. Бірақ, есі дұрыс адам ядролық зымыран державасына шабуыл жасай қоймайтын шығар?
Ол жай ғана арсенал емес, нөмірі бірінші арсенал. Мұны бәрі біліп отыр. Қарулы күштерінің қаншалықты мықты екені – бөлек әңгіме. Сол себепті мен бұл соғысқа ҰҚШҰ қатысуын толықтай жоққа шығарамын, – деді саясаткер.
Мұнымен қатар, ол аталған шиеленісте Қазақстанның 30 жыл бойы ұстанып келе жатқан позициясында қалуы қажеттігін атап өтті.
– Меніңше, Қазақстан 30 жыл бойы ұстанып келе жатқан ұстанымынан ауытқымауы тиіс. КСРО құлаған соң пайда болған барлық шекараның өзгеріссіз және қасиетті болып қалуын қолдаймыз. Біз Қырымның Украинаға кіруін ресми түрде мойындаған жоқпыз. Сондай-ақ, 2014 жылдан бері соңғы 8 жыл ішінде Ресейге салынған санкциялар тікелей және жанама түрде Қазақстанға әсер етіп жатыр, – деді Ермұхамет Ертісбаев.
Саясаткердің айтуынша, Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталануы мүмкін емес. Себебі, Ресей соғыс ашқан жағдайда Қазақстанды Орталық Азия елдерінен бөлек, Батыс пен Америка да қолдауы мүмкін.
– Ресейдің ешуақытта Қазақстанға бұлай жасамайтынына сенімдімін. Өйткені, бұл Қазақстанға ғана емес, 75 миллион халқы бар Орталық Азия өңіріне қарсы соғыс ашқанмен бірдей. Оның үстіне Қазақстанды Қытай, АҚШ және Еуроодақ қолдайды. Тіпті, бұл тақырып төңірегінде қиялдағым да келмейді. Өйткені, дәл қазіргі сәтте біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз мінсіз, өзгелерге үлгі боларлықтай.
Естеріңізде болса, Путин КСРО ыдыраған соң көптеген жердің Украинаға өткені туралы, сыйлығы туралы бірнеше мәрте айтып келді. Бірақ, Қазақстанды бірде-бір рет атаған емес. 1919 жылы Украина кеңес социалистік республикасы құрылған кезде оның географиялық картадағы шекарасы басқаша еді. Ал Қазақ КСР-іне келетін болсақ, ол 1920 жылы сызылған күйде. Украина мен Қазақстанға байланысты осындай өзгешеліктер бар, – деді Ермұхамет Ертісбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық