Қазақстан Украинаға қарсы соғысқа қатысудан бас тартты – БАҚ
Қазақстан Украинадағы соғысқа қатысуға өз әскерін жіберуден бас тартты. Сондай-ақ, бұған дейін жазғанымыздай Қазақстан ДХР мен ЛХР-н мойындаудан да бас тартқан болатын.
Бұл туралы америкалық NBC телеарнасы хабарлады.
Ресейдің дәстүрлі одақтасы болған Қазақстан Құрама Штаттардың қолдауына ие болды.
«Біз Қазақстанның ДХР және ЛХР-ды мойындамайтыны туралы мәлімдемесін құптаймыз. Біз сондай-ақ Қазақстанның өз күштерін Путиннің Украинадағы соғысына тартудан бас тартуын құптаймыз» делінген АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде.
Осы уақытта Киев қаласының көшелерінде жарылыстар мен шайқастар жалғасуда.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл соғысты тоқтату үшін әркім қолынан келгенінің бәрін жасау керек екенін атап өтті.
UNIAN тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол Президенттің Telegram-арнасында жарияланған үндеуінде айтты.
«Бұл соғысты тоқтату үшін әркім қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Агрессияның әрбір күні қалыпты өмірді бұзады. Украинада ғана емес, Ресейде, Еуропада, әлемде. Еуропалықтар мұндай текетірес жақындаған кезде өмір сүрудің қандай болатынын әлі түсінбейді» деді Зеленский.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық