Бұрынғы вице-министр лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: VC.com
Қазақстан темір жолы «ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне бұрынғы вице-министр Әнуар Ахметжанов тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
ҚТЖ баспасөз баянында Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар екендігі және мемлекеттік қызметте жұмыс істегені айтылды.
– Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды, делінген ҚТЖ баспасөз баянында.

Айта кетейік, Әнуар Ахметжанов «Қазақойл», «ҚазМұнайТеңіз», «ҚазМұнайГаз» компанияларында жұмыс істеген, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.
2016 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.
Ал 2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық