«Қазақстан, Семей, Түркістан». Елдегі ерекше адам аттары аталды
Фото: special.nur.kz
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тұрады. ranking.kz мәліметінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елімізде 19,1 миллион адам өмір сүріп жатыр, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3 пайызға артық.
Салыстыру үшін: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде елде 18,8 миллион адам болды.
Халықтың басым бөлігі – 2,1 млн адам – Алматы облысында тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы тіркелді (2 млн адам).
– Алдыңғы үш аймақ қазақстандықтардың үштен бірін құрады, - делінген хабарламада.
Халық саны бойынша ең аз облыс – Солтүстік Қазақстан облысы – 539,4 мың адам. 18 қарашадағы жағдай бойынша еліміздің аттастары, яғни республика бойынша 24 адам Қазақстан есімін иемденген.
Мәліметтер бойынша, Қазақстан атты азаматтар негізінен Ақмола облысында және Нұр-Сұлтан қаласында екен, аталған жерлерде алты адам бар . Төрт қазақстандық Қарағанды облысында, үшеуі Қостанайда, екеуі Шымкентте, біреуі Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстауда тұрады.
Қазақстандықтар да балаларының есімін еліміздің ең ірі қалаларының құрметіне қойып жатады, олардың саны 18-ге жетеді. Қызық дерек: елімізде 28 адам есімі Семей, 21 адамның есімі Алматы, 18 адамның есімі Түркістан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық