Қазақстан әртістері Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады
Токио Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасына арналған «Арнау» әні шырқалды. Спортшыларға жігер мен рух беретін бейнебаяннан Роза Рымбаева, композитор Ренат Гайсин, Ninety One, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Дина және Мәди Сыздықовты көруге болады.
Әнге негіз ретінде Ұлттық Олимпиада комитетінің әнұраны алынды, музыкасын Ренат Гайсин, мәтінін Мирас Қалдымұрат жазған.
Әнұранның қайырмасы олимпиадашыларға арнау ретінде шырқалды. Ән арманға қол жеткізу үшін алға ұмтылуға жігер беріп, спортшылар рухын көтереді деген сенімге толы.
Әртістер де, барша қазақстандықтар да Токиоға аттанған отандық спортшыларға жеңіс туын желбіретуді тілейді. Алға, Қазақстан! Қазақстандық спортшыларға Олимпиада сайтында жанкүйер бола аласыз. Сайт жасаушылар әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін бірегей интерактивті «фан-зона» ойлап тауып, іске қосқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық