Қазақстан ресейлік «Лукойлмен» бірге мұнай игереді
Ресейлік «Лукойл» мен қазақстандық «ҚазМұнайГаз» Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы «Қаламқас-Теңіз» ірі жобасы бойынша негізгі қағидаттар туралы міндетті келісімге қол қойды. Бұл туралы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперов айтты.
ТАСС ақпараты бойынша, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас-Теңіз» мұнай кен орнын игеруге кірісетінін, бұл жобаның серіктесі «Лукойл» болатынын айтқан.
«Лукойл» Қазақстандағы бірнеше ірі жобаларға қатысады. Осылайша, әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатты кен орындарының бірі «Қарашығанақ» жобасының 13,5%-ы және «Теңіз» жобасының 5%-ы компанияға тиесілі. «Лукойлға» Ресей мен Қазақстан аумағындағы жалғыз жеке магистральдық құбыр желісі - Каспий құбыр консорциумының 12,5%-ы тиесілі.
Бұдан басқа, 2019 жылы «Лукойл» Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваториясының Жеңіс блогында көмірсутектерді барлау және өндіру келісімшартына қол қойды. Оған компанияның 50%-ы тиесілі. Осы жылдың жазында «Лукойл» қазақстандық «Қазмұнайгазбен» «Әл-Фараби» (бұрын i-P-2 деп аталған) бірлескен жобасында 49,99% сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық