Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кезегі жоқ - Сауда министрлігі
ҚР Сауда және интеграция министрі жүк көліктерінің шекарада жиналып қалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
— Сіздерге Қазақстан-Ресей шекарасындағы тауарлардың жинақталуына қатысты жағдай туралы хабардар еткім келеді. Маштаково-Сырым шекара бекеттерінде Қазақстанға кіру үшін көптеген жүк көліктері жиналып қалды. Ал Ресей де, Қазақстан да тауарды өткізбей жатыр деген ақпарат бұған дейін де болған. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше аптадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз қиындықтар туындаған. Бір жерде тіпті электр қуаты да өшіп қалған. Бірақ қазір жолдар ашылып, тазартылды, көліктердің өтуі әдеттегідей жүріп жатыр.
— Ол аумақта 10 күнге жуық қарлы боран соғып, көктайғақ салдарынан жолдар жабылды. Ауа-райының қалыпқа келуімен жолдардың ашылуын күтіп тұрған жүк көліктерінің барлығы бірден Ресейдің Маштаково ПБ кіреберісіне келіп, көп шақырымдық кезек қалыптасты. Оған қоса, 16-17 наурызда болған қарлы боран кезінде Қазақстанның «Сырым» шекара заставасында электр жарығы үзілген. Қазақстан тарапынан тауардың кешігуінің осындай себептері орын алды, - деп түсіндірді ол.
Министр керісінше, шекарадан тауарларды өткізу процесін жеңілдету мақсатында шекара бекетінің аумағына ветеринарлық инспекторларды кіргізу мүмкіндігі пысықталып жатқанын түсіндірді. Бұл жүргізушілерге ветеринарлық бақылау бекеттеріне бұрылмай, шекаралық сауданы жылдамдатады деген пікір бар.
— Мен трансшекаралық сауда жағдайын қадағалап отыратыныма және ресейлік әріптестерімізбен үнемі байланыста екенімізге тағы да сендіргім келеді. Қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, біз оларды жою шараларын жедел қабылдаймыз, - деді Сұлтанов.
Ал, Орда.kz бір күн бұрын жазған бидай тиелген 17 жүк көлігі Ресейден келген Құлынды бекетінде әлі тұр. 15 наурыздан бастап көрші республикада бидай экспортына тыйым салынғандықтан, 13 наурыздан бастап қазақстандық тасымалдаушылар шекарадан өткізілмеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық