Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа әскер жібере ме? – ресми жауап
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей-Украина жанжалын бейбіт жолмен шешкен жөн екенін айтты.
Парламент сенаты төрағасының айтуынша, Ресей мен Украина қақтығысында Қазақстан бейтарап ұстанымда қалады. Әшімбаев Қазақстан бұл жанжалдың саяси жолмен шешілгеніне мүдделі екенін айтты.
«Ресей жақын серіктесіміз деп үнемі айтамыз. Біз кімді қолдауымыз керек?» деп сұрады журналистер.
– Біздің ұстанымымызды бірнеше рет нақты айттым. Ресей де, Украина да бізге жақын әрі бауырлас елдер. Біз бұл жанжалдың бейбіт жолмен шешілуіне мүдделіміз. Қазақстан тарапынан да қажетті шаралар жүзеге асады, - деді Сенат спикері.
Сондай-ақ, Сенат төрағасы екі ел арасындағы қақтығысқа «Қазақстан әскер жібере ме» деген сұраққа жауап берді.
– Жалпы, бұл жағдайда мынадай мәселе маңызды: Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін бе? Мұнда біздің позиция анық. БҰҰ жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың жарғысына сәйкес ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері, ҰҚШҰ елдері аумағында ғана қолданылады. Қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес, ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ, - деп түсіндірді Әшімбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық