Қазақстан Ресей экономикасын құтқару үшін 35 млрд теңге жұмсады
Қазақстан Ресей экономикасын санкциялардан құтқаруға 35 миллиард доллар жұмсады, деп есептейді журналист Нұргелді Әбдіғани.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, санкциялар Ресей экономикасы үшін қатты соққы. Бұл рубльдің жағдайына айтарлықтай әсер етеді және оны құнсыздандырады.
Автор Ресей Қазақстанды «донор» ретінде пайдаланатынын атап өтті. Бұл ретте Қазақстан экономикасына теріс әсер ететін ЕАЭО маңызды рөл атқарады.
— Қазақстан енді Ресейдің доноры бола алмайды! 2014-2015 жылдары Ресейге қарсы алғашқы санкциялар енгізілген кезде, Қазақстан-Ресейді санкциялар қысымынан құтқарған мемлекет. Неліктен? Сол жылдары Қазақстан теңгені күшпен ұстап тұрды. Бір жыл сегіз ай ішінде біз араласуға 28 миллиард доллар жұмсадық. «2014 жылы Қазақстан интервенцияға 17 миллиард доллар жұмсады» деген ақпарат Дүниежүзілік Банктің есептерінде 2015 жылдың басында пайда болды, – деп атап өтті Әбдіғани.
Оның пікірінше, бұл кезде теңге бір доллар үшін 190 теңге деңгейінде болатын, ал қазақстандықтар Ресейден автокөлік пен жылжымайтын мүлікті жаппай сатып ала бастады. Нарықта ресейлік тауарлар жаппай пайда болды, демек, Қазақстаннан капитал көрші елге ағылды.
Журналист сол кезде Ресей экономикасын құтқару үшін Қазақстан 35 миллиард доллар жұмсады деп санайды.
АҚШ САНКЦИЯСЫ. ПАЙДАСЫ - ЖЕКЕ, ПӘЛЕСІ - ОРТАҚ ЕАЭО! Ресей АҚШ-тың ауыр санкциясының төпесінің астында қалды. Байден...
Опубликовано Нұргелді Әбдіғани Четверг, 15 апреля 2021 г.
Авторы: Әсем Гумарова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық