Қазақстан-Ресей арасындағы жүк транзиті мәселесі талқыланды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левинмен кездесті.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі делегациясының 5-8 қазан аралығында Ресейде өткен «Алтын күз-2021» ресейлік агроөнеркәсіптік көрмесіне барды. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
2021 жылдың жеті айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $1,4 млрд-тан асты, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артық.
Келіссөзде Айдарбек Сапаров Ресей Федерациясымен шекарада жүктерді тексеру ісін жеделдетуді ұсынды. Бұған дейін де екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумда Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада жүк тасымалдау мәселесін көтерген болатын.
— Бұл бізге АӨК өнімдерінің қазақстандық экспортын ұлғайту бөлігінде тауар айналымын өсіруге мүмкіндік береді. Аталған шараны жүзеге асыру үшін өзара тығыз іс - қимыл жасау және жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын проблемаларға жедел әрекет ету қажет, - деді Айдарбек Сапаров.
Ресей тарапы шекарадан өту кезінде проблемалар туындағанда жедел әрекет ету мақсатында экспорттаушы-кәсіпорындардың тізілімімен алмасуды ұсынды.
«Алтын күз-2021» - бұл сала мамандары үшін ауқымды іскерлік бағдарламаны қамтитын, ресейлік ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көрмесі. Биылғы жылы көрме аграрлық сектор, ғылым мен инновацияның өзекті тақырыптарына арналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық