Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 8 қола медальді місе тұтты
Сонымен Қазақстан құрамасы үшін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Құрама бұл Олимпиада ойындарынан 8 қола медаль еншіледі. Токио Олимпиадасы Қазақстан тарихындағы ең төменгі нәтиже көрсеткен байрақты бәсеке болды.
Олимпаиада тарихына көз жүгіртсек сонау 1996 жылдан бері қазақ спортшылары жазғы олимпиададан кем дегенде бір алтын медальсыз қайтпаған еді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, байрақты бәсекелердің тарихына көз жүгіртіп өтейік:
Атланта - 1996 - 11 медаль
3 алтын, 4 күміс, 4 қола
Әлем бойынша 24 орын
⠀
Сидней - 2000 - 7 медаль
3 алтын, 4 күміс
22 орын
⠀
Афины - 2004 - 8 медаль
1 алтын, 4 күміс, 3 қола
40 орын
⠀
Бейжің - 2008 - 9 медаль
2 алтын, 3 күміс, 4 қола
29 орын
⠀
Лондон - 2012 - 11 медаль
3 алтын, 1 күміс, 7 қола
24 орын
⠀
Рио-де-Жанейро-2016 - 18 медаль
3 алтын, 5күміс, 10 қола
22 орын
Токио-2020 - 8 медаль, барлығы да - қола.
Иә, Қазақстан құрамасы үшін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары осымен тәмам. Бұрынғыдай алтын мен күміс медальдарды қанжығалай алмағанымыз рас. Тарих қойнауына еніп бара жатқан Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медальды місе тұтты.
Токио – 2020 Олимпиадасының қола медаль жүлдегерлері:
Дзюдо - Елдос Сметов
Ауыр атлетика - Игорь Сон және Зульфия Чиншанло
Бокс - Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов
Еркін күрес - Нұрислам Санаев
Каратэ - Дархан Асаділов
Каратэ - Софья Берульцева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық