Қазақстан нарығының 20%-ын «көлеңкелі» экономика құрайды
Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президентке агенттіктің «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 8 айда 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталғаны, оның 803-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататыны жөнінде баяндалды. 36 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Алкоголь өнімдерін шығаратын 26 жасырын цех пен 224 заңсыз ойынхана жабылған.
Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы 4 жылда «көлеңкелі» экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспарын бекітті.
Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қамтамасыз етуге тиіс тұрақтандыру қорларын құру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың 5 дерегі анықталған.
Тараз қаласында жылу, Қызылорда қаласында газ тасымалы тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол берілмеді. Балаларға арналған мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Олар 376 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық