Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар тасымалы жандана түспек
Әңгіме екі жыл бұрын пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус тасымалы туралы болып отыр.
Өзбекстан мен Қазақстан билігі екі жыл бұрын коронавирустық пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус жолаушылар тасымалын қайта қалпына келтіреді. Бұл туралы Өзбекстан-Қазақстан тиісті жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды. Оны Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Тараптар эпидемиологиялық талаптарды жеңілдету және жерүсті көлігімен жолаушыларды тасымалдауды қалпына келтіру үдерісін жеделдету маңыздылығын қуаттады» делінген министрлік хабарламасында.
Жиында мамандар Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек темір жолы мен Үшқұдық-Қызылорда көлік дәлізінің инфрақұрылымдық жобаларын қарастырды.
Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қазақстан аумақтарында әуе қозғалысы бойынша жаңа әуе бағыттарын енгізу мәселесі талқыланды.
«Осы жаңа бағыттарды енгізу арқылы ұшақтардың ұшу уақытын айтарлықтай қысқартуға қол жеткізуге болады, бұл өз кезегінде жаһандық экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді, жанар-жағармайды үнемдейді және аймаққа қосымша пайдаланушыларды тартады» делінген хабарламада.
Covid-19 таралуына байланысты 2020 жылдың наурызында елдер арасындағы жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта жанданды. 2021 жылдың мамырында Ташкент теміржол рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіруді бастау ұсынысымен Нұр-Сұлтанға жүгінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық