Қазақстан мен СБЕР арасындағы меморандум мәтіні жарыққа шықты
Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» Қазақстан үкіметі мен Ресей Жинақ банкі арасында қыркүйек айының басында қол қойылған меморандумның толық мәтінін жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Құжаттың толық атауы: «Цифрлық трансформация жобаларын іске асыру, цифрландыру платформалық моделіне көшу және «Деректерге негізделген үкімет» тұжырымдамасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
– СБЕР компаниялар тобы стратегиялық серіктес ретінде қазақстандық бағдарламалық жасақтама жасаушы «BTS Digital» ЖШС-ін анықтады, - делінген құжатта.
Сонымен қатар, «BTS Digital» ЖШС ERG еншілес компаниясы болып табылатынын және бұл ЖШС-де Қазақстан үкіметінің үлесі 40%-ды құрайтынын айтады.
Меморандум аясында Қазақстан үкіметі 2022 жылдың бірінші тоқсанында:
- GovTech цифрлық платформасын енгізудің негізгі параметрлерін әзірлеу;
- GovTech платформасының мақсатты архитектурасы, оның ішінде техникалық тапсырмаларын жасау.
Сонымен қатар, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) мен Сбербанк несиелік келісім жасамақшы. Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бойынша «ҰАТ» АҚ пайдасына несие желісін беруді қарастырады.
Несие ресей рублінде беріледі. Несиенің нақты көлемі нақтыланбаған, тек оның 500 млн доллардан аспайтыны белгілі. Ақша 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Сбербанкке барлық қажетті құжаттарды уақытында жіберген жағдайда беріледі.
Сондай-ақ, тараптар 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін меморандумды іске асыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеп, қол қоюды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басқарма төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, ресейлік компания Қазақстанда мемлекеттік секторды цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қатысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық