Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастық туралы келісімге келді
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата депутаттары ратификациялық заң жобасын – Қазақстанның Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімін мақұлдады,
parlam.kz мәліметіне сәйкес, шартты ратификациялау мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүддесінде Қазақстан мен Ресейдің әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Шарт жедел және жауынгерлік даярлық, бітімгершілік қызмет, әскери білім мен ғылым, әскерлердің (күштердің) қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету, екіжақты нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мәдениет, спорт сияқты салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шарттың ратификациялануымен 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы қолданыстағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталады. Палата жалпы отырыста «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулерін де қарады. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобаларын қабылдады.
Жалпы отырыс соңында мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауалдар қойылды. Сұрақ қойған депутаттар қатарында Қ.Иса, С.Ерубаев, Қ.Ержан, Г.Нұрымова, Ю.Ли, А.Қоңыров, Ғ.Әміреевтер бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық