Қазақстан мен Ресей ірі химиялық жобаны жүзеге асырады
Қазақстанда 2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі зауыт пайда болады. Құрылыс туралы келісім мәжілісте ратификацияланған, бұл жоба Ресей инвесторларының қолдауымен жүзеге асады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов түсіндіргендей, құжат Жамбыл облысында кешенді іске қосу үшін қажетті нормативтік-құқықтық жағдай жасауды көздейді.
– Жобаны ресейлік «ЕуроХим» компаниясы екі кезеңде жүзеге асырады. Оның бірінші кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, тау-кен кешені пайдалануға берілді, оның негізінде жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіруге қол жеткізілді. Қуаттылығы жылына 640 мың тонна болатын орташа ұсақтау қондырғысы құрылды. Инвестиция көлемі 126 млн долларды құрады. Қазіргі таңда 550 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді ол.
Екінші кезең – қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тонна өнім өндіретін минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша инновациялық-химиялық кешеннің құрылысы.
– Қазіргі уақытта «ЕуроХим» компаниялар тобы екінші кезеңді кеңейтілген қаржыландыру аясында 138,7 миллион доллар инвестиция жасады, - деді Атамқұлов.
Бұл сомаға жобалық-іздестіру жұмыстары – 94,2 млн доллар, құрылыс-монтаждау – 2,5 млн доллар және бас жобалау (басқа) шығындар – 42 млн доллар кірді. Екінші кезеңнің нақты құны жобалық жұмыстар аяқталғаннан кейін нақтыланады. Жобаны жүзеге асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 1 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға, құрылыс кезінде 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға және құрылыс кезеңінде кемінде 1,2 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы жобаны іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық