Қазақстан мұнай өндіруді арттырады
Қазақстан 2026 жылға дейін мұнай өндіруді арттыратын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Ол 2022 жылы мұнай бағасы барреліне 64,5 доллар, ал 2023 жылы барреліне 58 доллар деңгейінде болатынын атап өтті. Болжам пандемиядан кейінгі қалпына келтірудің жаһандық үрдістерін ескере отырып қалыптастырылды.
«Мұнай өндіру 2022 жылы 87,9 млн тоннаны құраса, 2026 жылы 107,4 млн тоннаға дейін өседі. Мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Каспий құбыры консорциумының 2023 жылы қазақстандық учаскедегі өткізу қабілетін ұлғайту үшін мұнай құбырындағы бөгеттерді жою жобасын іске асыру есебінен күтілуде» деді Әсет Ерғалиев сенат отырысында.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, 2022 жылы әлемдік экономика 4,9 пайызға, ал 2023 жылы 3,5 пайызға өседі деп күтілуде.
Алдағы жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,9% деңгейінде болжануда. 2026 жылы ол 5,2%-ға жетеді.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді