Қазақстан өлім жазасынан толық бас тартты
Фото: ашық дерек көзден
Қазақстан өлім жазасын толығымен алып тастаған әлемдегі 106-шы ел болды. Сенат заңнамаға тиісті түзетулерді қабылдады.
Сенат жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады. Оның мақсаты – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған Екінші факультативтік хаттамаға сәйкес өлім жазасын жою.
Құжатты Қазақстан 2021 жылдың 2 қаңтарында ратификациялаған, бірақ соғыс уақытында әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қолдану туралы тармақ қалған. Алайда 2021 жылдың қарашасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасын ешбір ескертусіз толығымен алып тастау керектігін айтқан болатын. Сондықтан депутаттар заңнамаға түзетулер енгізді.
«Заң жобасы үш кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Қылмыстық кодексте өлім жазасын толығымен алып тастау қарастырылған. Сонымен қатар, өлім жазасы түріндегі жаза Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігі санкциясынан алынып тасталды» делінген Сенат комитетінің қорытындысында.
Бұл ретте, заңнамада осы заң жобасы қабылданғаннан кейiн ерекше жаза адам сотталған санкция шегiнде бас бостандығынан айырумен ауыстырылатын өлім жазасына сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілейді.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде өлім жазасына кесілген адамдарға істі кассациялық сатыда қарау мүмкіндігіне процессуалдық кепілдіктер сақталған. Қылмыстық-атқару кодексі мен «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңда өлім жазасын орындау түсінігі алынып тасталды.
Осылайша Қазақстан өлім жазасын қолданудан толығымен бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық