Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел! – депутат
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды «орыс тілді ел» деп атағанына пікір білдіріп, мемлекетік тіл туралы жаңа заң қабылдауға шақырды.
Депутат өз пікірімен Facebook парақшасында бөлісті.
«Қазақстан қандай ел?! «Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел» – деген сөз – «Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел» – деген сөз?!» деп депутат сұрақ қоюда.
Сонымен қатар, тек Қазақстанда тек орыс тілінде сөйлейтін адамдарды сынға алды.
«Ресей Президенті Путиннің шындығы бар бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер «бізді мақтап жатыр» деп мәз болып, жуып жатқан болар…
Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады…» делінген хабарламада.
Қазыбек Иса елде мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керектігін алға тартты.
«Осы біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлаған жоқпыз ба?!.
Бұл масқарадан құтылудың бір-ақ жолы бар – мемлекеттік тілді міндеттейтін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек!» делінген депутат жазбасында.
Еске салсақ, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында Қазақстанды «орыс тілді ел» деп атады. Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер мен ЖОО филиалдары салынып жатыр.
Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин өзінің жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейресми саммитке келуін күтетінін мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық