Қазақстан әлемдегі ең бақытты адамдардың алғашқы бестігіне қалай «кірді»?
Сәрсенбі, 3 ақпан күні танымал қазақстандық БАҚ «Қазақстан оптимизм мен халықтың бақыты жағынан әлемдегі алғашқы 5 елдің қатарына кірді» деген жаңалық жариялады. ORDA бұл деректердің қаншалықты рас-өтірігін тексерді.
Zakon.kz ақпараттық порталы «Қазақстандықтар әлемдегі ең бақытты адамдардың алғашқы бестігіне кірді» деген тақырыппен жаңалықтар берді.

Өз жазбасында газет қырғыздың 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасады.

«Қырғызстандықтар - әлемдегі ең бақытты адамдар. Деректер Gallup халықаралық қауымдастығының барлық мүшелері жыл сайын өткізетін танымал халықаралық сауалнама шеңберінде жиналды. Бұл бірлестікте M-Vector компаниясы Қырғызстанның атынан қатысады. Зерттеуді қауымдастық мүшелері өз қаражаттары есебінен жүргізеді және оның нәтижелері ақысыз таратылады, барлығына қол жетімді».
24.KG
NUR.KZ ақпараттық агенттігі де 24.kg-ге сілтеме жасады.

Бұл жаңалыққа «Деловой Казахстан» республикалық экономикалық газеті де назар аударды. Басылым zakon.kz пен 24.kg сайттарына сілтеме жасады.

Республикалық «Литер» қоғамдық-саяси газеті де 24.kg-ге сілтеме жасады.

M-Vector ғылыми-зерттеу және консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, мәліметтер 441 қырғыз азаматының сауалнамасына негізделген. Әлеуметтік желі қолданушылары сауалнама нәтижелеріне күмән келтірді.

Басқа елдердің деректері қайдан шыққаны белгісіз.
ORDA Ресейде Gallup Media және Gallup AdFact негізін қалаған Kantar зерттеу компаниясымен (TOO TNS Central Asia) байланысып, Қазақстанда осындай сауалнама жүргізілген-жүргізілмегенін анықтауға тырысты, бірақ компания кеңсесінің телефоны жұмыс істемеді.
Қырғызстаннан басқа, сауалнама Украинада сәтті өткен. «Громадское телевидение» жазғандай, «Украина әлемдегі ең бақытсыз елдердің бестігіне кірді». 1004 респондент қатысқан сауалнама 2020 жылдың желтоқсан айының басында жүргізілді.

«Украина «бақыт индексі» ең төмен елдер арасында бесінші орынды иеленді. Бұған Gallup International ұйымының Украинада Демократиялық бастамалар қоры мен Киев халықаралық әлеуметтану институты жүргізген сауалнамасының нәтижелері дәлел бола алады». Мәліметтерге қарағанда, қаржылық жағдай да, соғыс та белгілі бір аймақтағы бақыт сезіміне әсер етпейді. Мұндай әсерлер болғанымен, олар көбінесе шешуші емес. Десе де, бақыт сезімі - бұл әр адамның ішкі сезімі немесе өзін бақытты сезінуге немесе сезінбеуге деген ұмтылысы», - деп хабарлады Хромадское телеарнасы.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның теңдестірілген дамудың шешімдерін табуға арналған бөлімі ұсынған Дүниежүзілік Бақыт туралы баяндаманың 2020 нәтижелері бойынша әлемдегі «ең бақытты елдер» өркендеу деңгейі жоғары елдер, атап айтқанда Скандинавия елдері. Есепте ең бақытты елдер тізімінің соңында Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстан болды. Қазақстан өз кезегінде 153 елдің рейтингінде 50 орынға ие болып, Маврикий мен Эстония арасында орналасты. Қырғызстан 74 орында, ал Украина 123 орында.
Демократиялық бастамалар қорының мәліметтері бойынша, бүкіл әлем бойынша барлығы 38 709 адам сауалнамаға қатысқан. Әр елде 2020 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында шамамен 1000 ерлер мен әйелдердің қатысу үлгісімен - жеке, телефон немесе интернет арқылы сұхбат жүргізілді. Алайда қырғыз және украиналық БАҚ-да ұсынылған көптеген елдердің тек екеуі ғана бақыт туралы сауалнаманың нәтижелерін жариялады.
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық