Қазақстан Конституциясында жер және табиғи ресурстар туралы ереже өзгереді
Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған кеңес өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді.
Түзетулер негізгі заңда жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі халық екендігі туралы норманы бекітеді, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін түбегейлі маңызы бар жерге меншік мәселесін шешу қажеттілігіне жеке тоқталды.
— Халықтың жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі екендігі туралы норманың Конституцияда түпкілікті бекітілуінің келешекте қандай да бір қайшылықтарды жойып, үлкен саяси маңызы бар осыған байланысты Негізгі Заңның 6-бабын жаңа редакцияда енгізу ұсынылады: «Жер мен оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халық меншігінде. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады, - деді президент.
Ол жұмыс тобы мүшелеріне аз уақыт ішінде атқарылған ауқымды жұмыстарға ризашылығын білдірді.
— Бүгін мен Конституциялық Кеңеске Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын енгіземін. Бұл біздің негізгі заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілген өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа тарау ашатынына сенімдімін. Бұл Жаңа Қазақстан құрылысындағы маңызды кезең, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Конституциясының 6-бабының 3-тармағы келесідей:
«Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Жер заңда белгіленген негіздер, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық