Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орында
centralasia.media
Heritage Foundation америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді. Бұл туралы ақпарат Рrimeminister.kz сайтында берілді.
Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.
Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдар тиімділігі, мемлекеттік шығыстар тиімділігі, бизнес бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды.
Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.
Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді.
Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық