Қазақстан халқы Ассамблеясы 2 млрд теңгеге қайырымдылық жасаған
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Зәкіржан Кузиев ұйымның қайырымдылық жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қайырымдылық – ажырамас ұғымдарға айналды. Өзара көмек, жәрдем, ынтымақтастық бізді біртұтас халық етеді. Бірлігіміздің тарихында Қызылағаш, Арыс, Мақтаарал оқиғалары есте қалды. Сол кезде зардап шеккен қазақстандықтарға тұтас ел көмек көрсетті. Ассамблея алғашқылардың қатарында болды. 2020 жылы Ассамблеяның қайырымды мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне үн қосып, «Біз біргеміз» акциясына қатысты. Еріктілер мен қайырымдылық көрсетушілер 1 млрд 776 млн теңге жинап берді. Мұқтаж азаматтарға 1 млрд 339 млн теңгеге түрлі көмек көрсетілді. Ауруханаларға 151 млн теңгеге дәрі-дәрмектер мен өкпені жасанды желдету аппараттары сатып алынды, деді спикер Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстелде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 335 тонна гуманитарлық көмек, Құрбан айт күндері «Мың алғыс» қайырымдылық акциясында медицина қызметкерлері мен олардың отбасыларына 77 млн теңгеден астам көмек көрсетіп, «Мектепке жол» акциясы барысында 8 700 отбасына ноутбук сыйлаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық