Қазақстан дәрігерлері ЭКГ нәтижесін қашықтан оқитын бағдарлама жасады
Отандық дәрігерлер ІТ мамандарымен бірлесіп бірегей бағдарлама жасап шықты. Аталған қосымша дәрігерлерге электрокардиограмма нәтижесін қашықтан оқуға мүмкіндік береді екен.
Енді алыс ауыл тұрғындары да дәрігер кеңесін ала алады. Дәрігерлер жасаған отандық бағдарлама мамандардың жұмысын анағұрлым жеңілдетеді деп күтілуде. Кардиолог пен диагностика дәрігерлері науқастың электронды кардиограммасын қашықтан оқи алады.
— Мұндай жобалар медициналық технологиялар мен теледиагностиканы жасай алатынымызды көрсетуге мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде ғалымдар мен команда құрамы жабдықтар сатып алып, өздерінің барлық негізгі жұмыстарын сынақтан өткізді. Бұл өте пацдалы дүние болмақ. Электронды кардиограмма аппараттары көп, бірақ маман тапшы. Ал бұл қосымша бағдарлама зерттеу нәтижелерін электронды форматқа аударуға және оларды сақтауға мүмкіндік береді. Әрі ғаламтор болса, кез-келген дәрігер ашып нәтижені оқи алады, - дейді «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Орсариев.
Бағдарлама әзірлеушілері ЭКГ суреттерімен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша жасаған. Онда «толқындардың» ұзындығы мен енін, олардың арасындағы қашықтықты өлшеуге болады.
— ЭКГ нәтижесі өте жылдам шығады. Қымбат жабдықты сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені бұл платформа кез-келген ЭКГ түрімен біріктіріледі. Біз халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз. Бірінші көршілес елдермен ынтымақтастық орнату көзделген. Болашақта бұл ультрадыбыстық, компьютерлік томография аппараттары сияқты зерттеулердің сандық форматына аударылуы мүмкін, - дейді интервенциялық хирург Нияз Малаев.
«Ғылым қоры» жетекшілік ететін жобалардың 155-і сәтті жүзеге асып, мемлекет қазынасына 41 миллиард теңге пайда әкелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық