Қазақстан балалар құрамасы Азия командалалық біріншілігі финалына жолдама алды

cover

Ташкент қаласында өтіп жатқан Орталық Азия аймағында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азия командалық біріншілігінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Бұл туралы  Orda.kz   ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен финалдық кезеңге берілетін қос жолдама Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжістан командалары арасында сарапқа салынды.

Жарыс қорытындысы бойынша  қазақстандық қыздар құрамасы Қырғызстанды 3:0, Тәжістанды 3:0 және соңғы күні корт иелерін 3:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды. Қазақстан қыздар құрамасында — Ева Корышева, Еркежан Жаңатаева, Эвелина Балаганская және Анелия Нұрқаева (капитан) өнер көрсетті.

Ұл балалар құрамасы (Мадияр Тағибеков, Роберт Каминский, Родион Трайгель және капитан Ойбек Абдирахимов) Қырғызстан мен Тәжікстан теннисшілерін тізе бүктіргенімен, тартысты матчта өзбекстандықтарға 1:2 есебімен ұтылып, екінші орынға ие болды. Осылайша екі құрама да финалдық кезеңге жолдама алды.

Қазақстан теннис федерациясының 10-14 жастағы балаларды дамыту және бапкерлерді оқыту жөніндегі үйлестірушісі Шухрат Каюмовтың айтуынша, бұл – үлкен жетістік.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар