Қазақстан бұғатталған жарты миллиард долларды қайтарып алды — Стати ісі
Ұлттық банк бұған дейін бұғатталған Ұлттық қор активтерінен 536 миллион доллар қайтарылғанын хабарлады. Жарияланған сома Ұлттық банк есебінде болады.
«ҚР Ұлттық банкі 536 миллион долларға жуық Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері бұғаттаудан шешілгені туралы хабарлайды», - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Реттеуші 2017 жылдың желтоқсанында молдовалық бизнесмендер Анатоли мен Габриэль Стати Бельгияда сот ісін бастағанын еске салды. Оның салдары– Bank New York Mellon 2018 жылдың мамыр айында Ұлттық қордың өз сақтауында тұрған 530 миллион доллар көлеміндегі активтерін бұғаттауға әкелді.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері бұғаттаудан босатылды.
«2021 жылдың 16 қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Статидің алаяқтық әрекеттері туралы мәліметтер негізінде Бельгиядағы арбитраждық шешімді тану және орындау туралы төменгі соттың шешімін толығымен жойды», - деп толықтырды Ұлттық банк.
Бұл ретте молдовалық кәсіпкер Анатоли Стати тарапы Бельгияның апелляциялық сотының бұрынғы шешімін олардың бұрынғы аудиторлары – KPMG-нің қазақстандық еншілес ұйымына қысым көрсетті дейді.
«Бельгияның апелляциялық соты шешімінің негізгі аспектілері KPMG-нің қазақстандық еншілес ұйымы («KPMG Алматы») Стати Тараптарының бұрынғы аудиторларының бірқатар қаржылық есептерін «қайтарып алу» дегенге қатысты. KPMG Almaty Қазақстан билігі мен олардың өкілдерінің заңсыз және бұрын-соңды болмаған қысымына 10 жылдан астам уақыт өткен соң, Қазақстанға төрелік шешімді төлеу бойынша халықаралық-құқықтық міндеттемелерін орындаудан жалтаруға көмектесу мақсатында берілгені анық.
Стати тараптары Бельгияның кассациялық соты (Жоғарғы) соты KPMG Алматының рөлі мен әрекетіне қатысты дәлелдемелерге тиісті мән беріп, жақын арада апелляциялық соттың шешімін жою туралы шешім қабылдайды деп үміттенеді», - деді Стати.
Еске салсақ, молдовалық бизнесмендер Анатоли мен Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстаннан Швециядағы арбитраждық сотқа Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етіп, сотқа шағым түсірген болатын, бірақ олардан 500 миллион доллар өндірілді. Бірақ оның 199 миллион доллар қаражаты болжам бойынша Боранкөл газ өңдеу зауытының құрылысына кеткен Стати шығындарына қатысты.
Кейінірек АҚШ-та жеке сот тәртібімен алынған құжаттар арқасында Қазақстан тарапында Статидің талаптары ауқымды алаяқтыққа негізделгені туралы дәлелдер болды. 5 тамызда Молдова кәсіпкерлері Қазақстан билігіне қарсы жаңа талап қоюға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олар «2013 жылдың желтоқсанында түпкілікті және міндетті арбитраждық шешімді төлеуде ҚР тарапынан өрескел бұзушылықтардың жалғасуынан» шаршағанын айтты.
Жауап ретінде Қазақстанның Әділет министрлігі Статидің жаңа арбитражды бастау ниеті Қазақстан мен арбитраждық сотқа бұл істі әділ қарауға және Статидің қылмыстарының барлық дәлелдерін тексеруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт