Қазақстан азаматы Чехияда жоғалып кетті
Үш жыл бұрын Чехияға оқуға түскен қазақстандық Олег Кузьмин белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Ол 26 ақпан достарымен түнгі клубқа шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.
Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, 20 жастағы тараздық Олег Кузьмин түнгі 03:00 кезінде клубтан шығып, әкесіне қоңырау соғып, одан көмек сұраған.
«Тұтқаны көтеріп едім, амандасқан да жоқ, тек үш сөз айтты: "Әке, өтінемін, көмектес". Сосын телефон өшіп қалды, бірақ мен әрі қарай да сөйлей бердім. Өйткені байланыстың үзілгенін білмедім» деді Олегтің әкесі Сергей Кузьмин.
Әкесінің айтуынша, Олег тыныш бала болатын.
Қазір оны Чехия полициясы іздестіріп жатыр. Жігіт әлі табылмады. Ол аурухана мен мәйітханада жоқ.
Түнгі клуб күзетшісі Олег соңғы рет клубтан біреулермен шыққанын айтты.
«Орыс тілінде сөйлейтін бір жігітпен шыққан. Бұл – Праганың орталығы, жанында автобекет бар, бейне бақылау камералары өте көп. Барлығы Прагада мұндай оқиғаның болуы мүмкін емес дейді. Сондай-ақ полицияның камерадағы деректермен неліктен бөліспей отырғаны түсініксіз» деді әкесі.
Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі студентті Прагада іздестіріп жатыр.
20 жастағы жігіт арық, орта бойлы, қоңыр көзді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық