Қазақстан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануды қолдайды
Қазақстан билігі ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануды және ғарышта жауапты нормаларды әзірлеуді дәйекті түрде қолдайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Қазақстан ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсатта пайдалануды және ғарышта жауапкершілікті мінез-құлық нормаларын әзірлеуді дәйекті түрде жақтайды»делінген БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының сәуірде өткен үш жылдық үзілістен кейін қайта басталған сессиясының қорытындысы бойынша құжат мәтінінде.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер «ядролық қарусыздану және таратпау мәселелерін ілгерілетуге, ашықтық пен сенім шараларын іс жүзінде жүзеге асыруға, ғарыш кеңістігінде қарулану жарысына жол бермеу мақсатында оң көзқарас танытқаны» атап өтілген.
«Қазақстан делегациясы Комиссияның қорытынды құжатына ядролық қарудың жаңа түрлерін жасау қаупін барынша азайту, қолданыстағы ядролық арсеналдарды жаңғырту мүмкіндігін шектеу туралы ережелерді және ядролық сынақтардан зардап шеккендерге қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы ережені енгізу туралы бастама көтерді » делінген хабарламада.
БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі комиссиясы 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰГА) қарусыздану жөніндегі бірінші арнайы сессиясында құрылды.
Комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына бағынатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады және оның функцияларына қарусыздану саласындағы әртүрлі проблемаларды қарау және ұсынымдар беру кіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық