Қазақстанға «Спутник V» вакцинасы жеткізілді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ORDA.
Бұған дейінгі жасалған келісім бойынша Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді. Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның - 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын - 600 мың доза жеткізетін болады.
Жалпы жоспар бойынша сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде «QazCovid-in» отандық вакцина салынады. Оның көлемі ай сайын 500 мың дозаға көбейіп отырады.
Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтарына: медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцина егіледі. Алдымен вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Екпе егу алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексеруге тиіс.
Егу пункттерінің дайындығы тексеріліп, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді. Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылып, арнайы дайындықтан өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық