Қазақстанға әкелінген Армения көліктерін тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстандықтардың Армениядан әкелген көліктерін тіркеу мерзімі ұзартылды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне көліктерін тіркеуге немесе оларды елден тыс жерлерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Оған күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеулердің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулері салдарынан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселелері себеп болуда.
Мәселенің екінші жағы - аккредиттелген зертханалар барлық өңірде жоқ, сондықтан кейбір автокөлік иелері қайта жабдықталған автомобильдерді дер кезінде сынақтан өткізе алмады.
– Сонымен қатар қазір Армения Үкіметімен келісім бойынша Қазақстанда тіркеуден өткен осындай автомобильдердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл шаралар автокөлік иелері үшін (Армения мен Қазақстанда) қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған. Мемлекеттік органдар Үкіметтің аталған шешімдерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады, делінген хабарламада.
Осындай себептермен Армения Республикасында тіркелген және біздің елге 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдары иелеріне автомобильдерін есепке қою мәселелерін шешу үшін қосымша уақыт берілді. Осы уақытқа дейін тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық