Қазақстанға денацификация мен демилитаризация жасау керек – ресейлік депутат
Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов деназияландыру және демилитаризация аймағына Украинадан бөлек Балтық жағалауы елдері, Молдова және Қазақстанды қосуды ұсынып отыр.
Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды.
«Өз кезегінде, бүкіл ел үшін тағдырлы шешімдерді талқылауға барлық өңірлік парламенттер қатысуы тиіс деп санаймын. Мен, депутат, біздің Отанымыздың азаматы және патриоты ретінде әскери арнайы операцияны өткізуге қатысты алаңдаушылығыңызды бөлісемін және жағдайдың күрделілігін түсінемін, алайда қазір барлық күш-жігерімізді күшті, біртұтас және көпұлтты елімізді жандандыруға бағыттау керек. Көптеген жылдар бойы Ресейге қарсы саясаттан зардап шеккен Украина аумағында Украинаның орыс тілді азаматтары мен Ресей Федерациясы азаматтарының қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет деп санаймын.
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Ресей, Украина және бүкіл Еуропа халықтарына тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ал РФ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым толық процесі үшін Украинадан басқа, денацикация және демилитаризация аймағына Балтық жағалауы елдерін, Польшаны, Молдованы және Қазақстанды қосу орынды деп санаймын.
Мәскеу қалалық Думасының депутаттары арнайы операция кезінде аймақтық экономиканың, әлеуметтік саланың және адамдарға атаулы әлеуметтік көмектің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды және тиісті заң шығару қызметін қабылдайды» делінген депутат жіберген сауалда.
Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айының соңында, Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды. Кремль басшысы өз шешімін НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге қарсы «агрессивті мәлімдемелерімен» түсіндірді.
АҚШ Путиннің шешімін айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті «бұдан әрі агрессияны ақтау үшін жоқ қауіптерді тудырады» деп мәлімдеді. Пентагонның пайымдауынша, егер Украина Ресей басқыншылығынан сәтті қорғанса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқыта береді.
23 наурызда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуын «қауіпті және жауапсыз» деп атады.
– Ресей өзінің ядролық қаруын бұлдауын тоқтатуы керек. Бұл қауіпті және жауапсыз. НАТО барлық одақтастарын қорғау үшінРесейге ядро лық соғысты жеңуге болмайтыны мен ешқашан жүргізілмеуі керектігі туралы өте айқын хабарлама жібереді, – деді Столтенберг.
Қытай сабырға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин барлық тараптар сабыр сақтап, одан әрі шиеленісуден аулақ болуы керек екенін айтты.
Украина сыртқы істер министрлігі бұл Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды басталар алдында украин делегациясына қысым көрсетудің бір жолы болды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық