Қазақстанда 7000-нан астам дәрігер жетіспейді
Кезекті рет перзентханада босанған ана қайтыс болғаннан кейін және оның туыстарының әйелге дәрігерлер дұрыс қарамады деген болжамдарынан соң Orda.kz редакциясы денсаулық сақтау министрлігіне кадрларға қатысты жағдайды білу үшін сұрау хат жолдаған еді.
Ведомствода республикада дәрігерлердің жетіспеушілігі өте өткір мәселенің қатарында екенін хабарлады.
Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша денсаулық сақтау жүйесінде кадр тапшылығы 14 678 бірлікті құрады, оның 7000-нан астамы-дәрігерлер.
Бір таңқаларлығы, білікті мамандар елдің астанасында жетіспейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, астанада 1 536 дәрігерлік лауазым бос тұр.
Екінші орында Қостанай облысында 738 дәрігер жетіспейді. Көшбасшылар үштігін Алматы облысы аяқтайды, онда ауруханаларға 458 штаттық бірлік жетіспейді.
Ведомствоның мәліметінше, 811 терапевт маман қажет, басқа мамандардың тапшылығы да байқалады:
Анестезиологтар-787
Рентгенологтар-388
Жұқпалы аурулар мамандары-401
Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер — 498
Педиатрлар – 304
Акушерлік және гинекология саласында жоғары санатты 291 дәрігер қажет екен.
Ведомство мамандарды тарту және жұмыс істеп тұрған медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын хабарлады. 2020 жылы 15 мың маман: 824 акушер–гинеколог, 455 педиатр, 310 неонатолог, 757 анестезиолог– реаниматолог, 81 балалар хирургі оқудан өтті.
Алматы қаласының Акушерлік гинекология және перинатология ҒЗИ-да 30 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы өткен аптаның соңында белгілі болды. Қайтыс болған әйелдің анасы қайғылы жағдай туралы айтып берген еді. Туыстарының айтуынша, сәтсіз операциядан кейін әйелден бір күн қан кеткен. Жақындарының айтуынша, қызметкерлер кадрлардың жетіспеуіне байланысты әйелге қарамаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық