Қазақстан 2025 жылға таман полиэтилен пакеттеріне тыйым салады
Төрт жылдан кейін Қазақстан полиэтилен пакеттерін қолдануды тоқтатуды жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, елдегі супермаркеттер ай сайын «маечка» деп аталып кеткен пакеттерді 40 миллион данасын тұтынады екен. Алайда, бизнесмендер Қазақстан үшін осы ораманың экономикаға әкелер орасан шығынын болжайды. Биологиялық ыдырайтын шикізатқа көшу үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді, ал көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырамақ.
Қарағандыдағы бір ғана кәсіпорын айына төрт миллионға дейін полиэтилен пакетін шығарады. Шикізат Ресей мен Өзбекстаннан сатып алынады. Бір жылға 200 тонна шикізат кетеді, өйткені қалдықтардың бір бөлігі қайта пайдаланылады. Биологиялық ыдырайтын өсімдік материалдары одан бірнеше есе қымбатқа түседі, дейді кәсіпкерлер.
— Ол бірден тұтынушының қалтасын ұрады. Заң күшіне енген сәттен бастап біз биологиялық ыдырайтын материалдармен жұмыс істеуге міндеттелеміз, бұл әр адамның қаржысына қатты әсер етеді. Егер қазір айталық, полиэтиленге, яғни біз пленка жасайтын шикізаттың килограмына шамамен айтқанда 2 доллар жұмсалса, енді материал биологиялық ыдырайтын, нағыз крахмалдан болса, килограмы 8 евро болады, деп түсіндірді полиэтилен пленкалары өндірісі жөніндегі кәсіпорын директоры Ренат Минхаиров.
Экологтар халықаралық тәжірибені зерттеп, кассада берілетін тегін пакеттерге тыйым салуды ұсынды. Сарапшылардың пікірінше белгіленген баға тұтынушылардың оны шексіз мөлшерде алуына жол бермейді.
— Биыл Германияда тығыз шикізаттан жасалған сөмкелерге тыйым салынды. Ауыстыратын ештеңе жоқ жұқа пакеттер ғана қалды. Бұл қоқысқа арналған пакеттер. Қоқыс пакеттері өте жұқа, оларда 10-15 микрон болады. Олар бұл қалдықтарды фабрикаларда қайта өңдеуге болады деп санайды. Бұның барлығын да экологтар мен инженерлер экономистермен бірлесе отырып есептеуі керек, деді «Қарағанды экомузейі» қоғамдық ұйымының даму жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков
Кәсіпкерлердің пікірінше, биологиялық ыдырайтын қаптамаға көшу бағаға тікелей әсер етеді. Биологиялық ыдырайтын шикізатқа көшу үшін барлық өндірістік желіні жаңарту қажет. Бұл жаңарту үшін кәсіпорынға кем дегенде 40 млн теңге қажет. Шикізаттың жылдық қоры да 20% өседі екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық