Қазақстан 20 жылда әлемдік нарыққа қанша тонна мұнай шығарды?
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысып, мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасының өсу қарқынын айқындайтын басты саланың бірі екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Президент еліміздің жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіретінін айтып, Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы елдер қатарында екенін еске салды.
– Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 миллион тоннаға дейін мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етті, – деді мемлекет басшысы.
Бұл жобаны мегажоба деп атаған Тоқаев, Консоциумның табысты қызмет етуіне негіз болған себепті атады. Бұл – Елбасы ұсынған серіктестіктің 10 қағидасы.
– Консорциум Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ «Шеврон», «ЭНИ», «Лукойл», «Шелл» және басқа да жетекші мұнай компанияларының қатысуымен халықаралық ірі мұнай тасымалдау жобасына айналды. Барлық қатысушы компаниялардың арасында мәмілеге қол жеткізу үшін Қазақстан мен Ресей басшыларының үлкен күш-жігерін қажет еткен әрі ұзақ жылдар бойы жүргізілген келіссөздер әлі есімізде. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған серіктестіктің 10 қағидасы Консорциумның табысты қызмет етуіне негіз болды. Бұл жобаның мен үшін мәні зор, себебі оның құрылысына және іске қосылуына арнайы қатысқан едім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Каспий құбыры консорциумының ширек ғасырлық мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін айтты.
– Консорциум шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды. Жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесе жүзеге асырды. Соның арқасында екі елдің мұнай тасымалы саласындағы серіктестігі нығая түсті, – деді Президент.
Сөз соңында мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының ұжымына, ардагерлеріне және акционерлеріне ризашылығын білдіріп, амандық пен табыс тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық