«Қазақ — құл емес!» деп ұрандатты митингке жиналғандар
Бүгінгі митингке жиналғандар негізінен «Демпартия» жақтастары мен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдайтындар.
Олардың кейбіреулерінің қолдарында Қазақстан шенеуніктеріне жеке санкция салуды сұраған плакаттар бар. Кейбірі «саяси тұтқындардың» суреті басылған плакаттар көтеріп, оларға бостандық сұрады.
Жанболат Мамай мінберде тұрып қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтан ұсталғандарды босатуды талап етті.
Белгілі белсенді Гүлжан Ерғалиева сөзін: «Ақыр заман келерде – қара қытай қаптайды», деп бастады.
Бір кезде жиналғандар мінберден айтылған сөзді қайталап: «Қазақ құл емес, қазақ құл емес!» деп ұрандата жөнелді.
— Мына қара қытай біздің жерімізге қаптамасын! Қазір бір-бірімізді жамандап, сөз аңдитын заман емес, бірауыздан ереуілге шығайық. Менің жерім, елім деп ет жүрегі елжіреген қазақ қыздарының бірі ғанамын. Жастар елімізді, жерімізді қорғауда бірігейік, - деді 20 жасар ҚДТ белсендісі Аружан Дүйсебаева.
Олардың арасында «журналистер мен саяси оппозициялық қозғалыстарды саяси себеппен қудалауды тоқтату, жұрттың саяси, діни және басқа да көзқарастарын еркін білдіруіне кедергі жасамау, бейбіт жиындар туралы заңдарға өзгеріс енгізу, саяси тұтқындарды босату» талаптарын айтқандар бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық