«Қазақ аруы – 2021» байқауының жеңімпазы анықталды
Алматыда продюсер Баян Мақсатқызының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Қазақ аруы – 2021» байқауы өз мәресіне жетті. Әр өңірден таңдалған арулар биыл Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынының сахнасында өнер көрсетті.
Бұл туралы ақпарат Баян Алагөзованың Instagram-дағы парақшасында пайда болды.
Әділқазылардың шешіміне сәйкес «Қазақ аруы – 2021» байқауында бас жүлдені иеленген – Аманжолова Аружан. Ақтөбелік бойжеткен 22 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің 2021 жылғы түлегі. Қазіргі таңда «Aqtóbe» телеарнасында «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасының жүргізушісі.
Жоба продюсері Баян Мақсатқызының парақшасында ол туралы: «Журналистикаға деген махаббатын телевизия ардагері Н.Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық» деген сөздері оятқан. Қоғамға айшықты ақпарат беріп, ұлтының жанашыры болуды кәсіби миссиясы, ал ұлтсүйер, ұлтына қызмет етер ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсаты деп біледі» деп жазған.
Финалда жалпы саны 16 ару бақ сынады. Жоба ережесіне сәйкес сұлулар өнерімен ғана емес, білімімен де сынға түсті. Қазақтың салт-дәрстүрі мен мәдениеті туралы сұрақтар қойылған білім сайысы ерекше тартысты өтті. Көркі көз сүріндірер арулардың ақылы көркіне сай ма, жоқ па осы кезеңде анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ аруы-2020» атағының иегері Алматы облысының тумасы 20 жастағы Нарқыз Айдарова болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық