ҚазҰУ аумағындағы дау тудырған жерлер кімдікі?
ҚазҰУ жанындағы жаңа бизнес орталыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасалды, деп хабарлады «Айқын» газеті. Белгілі болғандай Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан жаңа бизнес орталық салынбақ. Бұған дейін бұқараны шулатқан жаңалықтың түйіні қалай шешілмек? Құрылысқа арналған жер телімінің заңсыз сатылғаны туралы мәлімдемелерді құрылыс компаниясы жоққа шығарып отыр.
Оған себеп - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында, әл-Фараби даңғылынан солтүстікке және Есентай өзенінен батысқа қарай орналасқан, жалпы ауданы 0,7168 гектар (кадастрлық нөмірі 20-313-009-029) жер телімінің иесі – «Atlas Development» ЖШС болып шықты. Компанияға меншік құқығы 2017 жылғы 9 қарашадағы сату-сатып алу келісімімен берілген.
Жерге нысан салу мақсатында «жерасты автотұрағы бар көп қабатты бизнес орталық құрылысы» деп жазылған. Жер кадастрының мәліметіне сәйкес, жер учаскесі 2007 жылғы 7 қазанға дейін мемлекеттік жер қорында болып, одан кейін меншік құқығы әртүрлі заңды тұлғалар атына тіркелген. Оның арасында ҚазҰУ жоқ.
«Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиісті жер телімінің бір бөлігі үшінші тұлғалардың меншігіне беріліп кетті» деген ақпарат тараған болатын. Бұл ақпараттың «Atlas Development» ЖШС иелігіндегі жер теліміне еш қатысы жоқ», деп жазады басылым.
Сонымен, басылым жазған ақпаратқа сенсек, Алматы қаласы әкімдігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігінің қатысуымен, жерге меншік құқығының заңсыз рәсімделгені жөніндегі кейбір тұлғалардың байламы негізсіз болып шығады .
Айқын газетінде жарияланған ақпарат бойынша, жобаны жүзеге асыру үшін «Atlas Development» ЖШС басшылығы BREEAM (BRE Environmental Assessment Method) стандартына сай келетін, көп қабатты заманауи бизнес орталығын салу туралы шешім қабылдаған.
Осы мақсатта төменде тізімі берілген әлемдік жетекші компаниялар жұмылдырылған:
– AHR (Ұлыбритания) – бизнес орталықтың концепциясын және эскиздік жобасын әзірлеуге;
– Bureau Veritas (Франция); KVL (Германия) – технологиялық және қаржылық қадағалау қызметін көрсетуге. Жобаны техникалық және экономикалық тұрғыдан жетілдіру мен оңтайландыру бойынша практикалық шешімдер ұсынуға;
– Cusman&Wakefield (АҚШ)– нарық пен бизнес орталықтың сәулет-архитектуралық концепциясын талдауға.
– Bilfinger (Германия) – жобаның аудиті, бизнес орталықты эксплуатациялауға қатысты кеңес-консультациялық қызметтер;
Кеңес-консультациялық қызметтер, техникалық тапсырма әзірлеуге, BREEAM халықаралық стандарттарына сәйкес, нысанды сертификаттау бойынша тапсырыс берушіні сүйемелдеу жұмыстарын атқарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық