Ауыл әкімі халықты малға теңеді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылына қарасты Павлов елдімекенінің тұрғындары бір тәуліктен аса жылусыз отыр. Өйткені, газ қысымын реттеуші торап істен шыққан, деп хабарлады Уральская неделя.
Халық мұндай жағдай жиі қайталанатынын, әкімдік тарапынан қайран болмай отырғанын айтып шағынды. Ал ауыл әкімі Бейбіт Аманғалиев болса, халықтың шағымын орынсыз санап, «Халық қазір мал боп кеткен» деді.
Павлов елдімекеніне газ өткен жылы кіргізілген. Мұнда 168 адам тұрады. Елдімекен тұрғыны Татьяна Цомаеваның айтуынша, газ 7 желтоқсан күні кешкісін өшкен.
– Содан бері жылусыз отырмыз. Үй салқын. Балаларды былай қойғанда үлкендердің өзі тоңып жүрміз. Бізде газ жиі болмайды. Ауылда газ өшіп қалғанда тексеріп, қосатын адам жоқ. Ал оны қарайтын адамдар қаладан келеді. Олар түнде келмейді ғой. Сондықтан әкімдік бұл мәселені тезірек шешсе дейміз,- дейді Татьяна.
Өзге тұрғындардың да пікірі осы сарында шықты. Олар газ мәселесінен бөлек, ауылда жарық жиі сөнетінін, көшелерге жарық қойылмағанын және мектепке әлі күнге дейін газ өткізілмегенін айтты.
– Кеше күн бойы жарық болған жоқ. Кеште жарық жанды, бірақ газ өшіп қалды. Бірі – болса, бірі – болмайды. Балаларымыз тоңып жатыр. Біздің қалауымыз газ бен жарық өшпесе екен дейміз. Сосын, көшеге жарық қойса жақсы болар еді. Таңертең балалар сабаққа кеткенде көше тастай қараңғы. Ауылға газ келгенімен мектепке кіргізілген жоқ. Осы мәселелер тезірек шешілсе,- дейді елдімекен тұрғыны Кенжеғали Нұрғалиев.
Бұл елдімекенге газ тарту жұмысымен айналысқан «Алия Сервис» ЖШС қызметкері Бекболат Қадыров газдың өшіп қалу себебін:«Газ қысымын реттейтін торапқа су толып қатып қалған. Сол себепті газ өшіп қалды. Мұны үнемі қарап, қадағалап тұру керек. Ол үшін слесарь қажет. Біз осыған дейін ауыл әкіміне «слесарь қойыңыздар» деп талай рет айттық, -деп түсіндірді.
«Уральская неделя» тілшісі Махамбет ауылы әкімдігіне барған. Алайда әкім Бейбіт Аманғалиев орнында болмады. Өзге қызметкерлер әкімге қоңырау шалып, журналист келіп тұрағанын ескертіп, қашан келетінін сұрады.
– Бейбіт Серікұлы Горбунов ауылында жүр екен. Сіздерге сол жерге келсін дейді, – деді әкімдік қызметкері.
Әкімнің Горбунов елдімекенінде жүру себебі – мұнда да газ сөніп қалған. Ауыл әкімі Бейбіт Аманғалиев журналисті көре сала «Жігіттер, мен сендерге жауап бермеймін. Мен ауыл әкімімін, маған қатысы жоқ, мен шешпеймін» деп, газ қысымын реттейтін торапты айналып, қаша жөнелді.
– Бұл мәселені сонда кім шешеді? Ауыл тұрғындары газдан бөлек, ауылда көшеде жарық жоқ екенін, мектепке газ өткізілмегенін, жарық жиі сөнетінін айтып отыр. Бұған не дейсіз? деп тілшінің артынан қалмай қойған сауалына:
– Халықтың шағымдануы мүлдем дұрыс емес. Бұлар газ үшін шақырып тұр сіздерді. Ал газ проблемасымен «ҚазТрансГаз»-ға барыңыз, – деді шенеунік.
Ол тілшінің «Сіз не үшін қашып жүрсіз? Павлов елдімекенінен бөлек, осы Горбуновта да газ жоқ па?» деген сұрағына:
– Екі ай болды өшіп қалғанына. Ешкім шешпейді. Аудан әкімі орынбасары екеуміз шауып жүрміз. Не «ҚазТрансГаз» аймақ шешпейді, не «Алия Сервис» ЖШС шешпейді. Бұлардың бір жылдық қызметі аяқталды. Газды «ҚазТрансГаз» аймақ өз теңгеріміне алып, ауданға беруі керек. Ал былай, Павловта да, Горбуновта да, Махамбет ауылында да ешқандай проблема жоқ, – деді ауыл әкімі Бейбіт Аманғалиев.
Ол газдың өшкеніне біресе, екі ай болды десе, біресе, 15-16 сағат қана болмағанын, уақытында бәрі шақырылғанын айтты. Халықтың наразылығына ашуланған Бейбіт Аманғалиев «Неге халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кеткен, ауыздарына келгенін айтады» деді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық