Ауруханада жатқан Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы белгілі болды
Қазақстанның Халық артисі Нұрғали Нүсіпжановтың бұған дейін ауруханаға түскені белгілі болатын. Әншінің өнердегі інісі Рамазан Стамғазиев оның қазіргі жағдайы туралы айтты.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
– Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. «Аға, ауырып қалды деп жатыр? Халыңыз қалай? Аман-есенсіз бе?» деп сұрадым. «Бір аунап тұрдым. Қаттылау келді. Түрі жаман» деп айтты, – деді әнші Рамазан Стамғазиев.
Ол өнердегі 85 жасқа келген ағасының іште бір өкініші барын сезгенін де жеткізді.
– Жоғары мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім. Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғанын, мерейтойын дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей жатқанын естіп мен де ойланып қалдым, – дейді әнші.
Ол қазақ өнерінің қара нарының, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызының күнде 85-ке келмейтінін айтқан.
– Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр? Мәдениет министрі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқ па?, – деген қынжылысын білдірді Стамғазиев.
Жаңалықтар
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?