Ауғанстан азаматтары Қазақстанға заңсыз қоныстанған – ҰҚК
Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұсталған азамат Қазақстанда тұруға, болу мерзімін ұзартуға немесе тұруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін жалған құжаттарды, соның ішінде төлқұжат та жасаған.
13 қазанда ҰҚК шекара қызметі Алматы прокуратурасымен бірлесіп, Ауғанстан азаматтары ұйымдастырған Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.
ҰҚК шекара қызметі «Боран» арнайы жасағы күштерін жұмылдырып, бірлесе отырып, шетел азаматының басқаларға Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын беріп, 1,5 мың доллар ақша алып жатқан жерінен қолға түсірді.

Тінту кезінде ер адамнан бірнеше қазақстандық ұйымның мөрлері, 20 ауған төлқұжаты, туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, тұруға ықтиярхат алуға, тіркеуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар тәркіленді.
Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адамға заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша санкция не 2000 АЕК (6 миллион теңге) көлемінде айыппұл салу, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық