Авторлық қоғам Димаш бастаған жүздеген әртіске іздеу салды
Фото: instagram / Димаш Құдайберген
«Қазақстан авторлық қоғамы» РҚБ-ның бас директоры Айнұр Есендікова Orda.kz тілшісіне берген мәліметінде 400-ден астам автор мен орындаушы, соның ішінде еліміздегі танымал жұлдыздар, өз музыкаларын пайдаланғаны үшін қаламақыларын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтты. Бұған басты себеп — кері байланыстың жоқтығы.
«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға сәйкес, біз авторлар мен құқық иелерін іздеп табуға міндеттіміз. Осы мақсатта біздің сайтта ресми тізім жарияланған — бұл заң талабы», — деді Есендікова брифингте.
Оның айтуынша, ұйым қызметкерлері авторлармен және орындаушылармен хабарласуға болатын бар мүмкіндікті пайдаланып, қоңырау шалуға тырысқан. Алайда, үнемі кері байланыс болмай тұр.
«Біз мессенджерлер, Instagram, Telegram, WhatsApp арқылы жазамыз, қоңырау шаламыз. Олар бізді алаяқ деп ойлап, хабарламаларымызға жауап бермей жатады. Сондықтан барлық құқық иелеріне мынаны айтқым келеді. Егер бізден хабарлама алсаңыздар — міндетті түрде жауап беріңіздер. Біз шын мәнінде сіздерге тиесілі қаражатты бергіміз келеді», — деді Есендікова.
Бұған дейін қоғамдастық жарияланған тізімде кейбір танымал орындаушылардың аты-жөні кездесетінін, олардың байланыс деректері ашық қолжетімді бола тұра, «іздеуде» жүргенін сынаған еді.
2024 жылы жарияланған тізімде 421 автор мен орындаушы бар. Олардың арасында Димаш Құдайберген, Әли Оқапов, Иманбек, Қайрат Нұртас, Raim & Artur, Rin’Go, Sadraddin, Say Mo, Son Pascal, M'Dee, V$XV PRiNCE, Ғалымжан Молданазар және басқа да жұлдыздар бар. Тізімге шетелдік орындаушылар да енген.
Еске сала кетсек, бұған дейін, әнші Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық