Автобус жүргізушісін соққыға жыққан жолаушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру сұралды
Фото: тікелей эфирден кадр
Алматыда 47-ші автобустың қатысуымен үш адам қаза тапқан жол апатына байланысты сот отырысы өтті.
Айыптау орнында жол-көлік оқиғасын тудырған автобус жүргізушісіне қол жұмсаған ер адам отыр. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Сотталушы Дархан Маратұлы Ахметжановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұраймын»,- деді прокурор.
Ол айыпталушының өз кінәсін мойындамайтынын және өкінбейтінін баса айтты.
Алайда кейбір жәбірленушілер мен олардың адвокаттары барлығына жалғыз Дархан Ахметжанов кінәлі деген пікірмен келіспеді. Олардың ойынша, болған оқиғаға автобус жүргізушісі де жауапты.
Мұны әсіресе, жәбірленушілердің бірінің жұбайы Айнұр Құсайынова айтты. Ол Шөкебаеваны сотталушымен жанжалдасты деп айыптап, қайғылы оқиғадан кейін өкініш білдірмегенін, сондай-ақ TikTok желісінде отбасымен бірге түскен видеоларын жариялағанын айтты.
Құсайынова автобус жүргізушілері бұзақы жолаушылардан қорғайтын арнайы кабиналармен жабдықтамаған, жүргізушілерді жол ақысы үшін ақша жинауға, төлемді бақылауға мәжбүрлейтін, оларды өз жұмысынан тыс басқа іспен айналысуға мәжбүрлейтін автобус парктерін қатаң сынға алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 22 желтоқсанда сағат 18:15-те № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы шығарған жанжал салдарынан есінен танған жүргізуші аялдама маңында тұрған адамдармен соқтығысып, бір әйелді қағып кеткен болатын. Одан кейін жол бойындағы төрт көлікпен соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық