Австрия, Чехия, Польша және Словакияны су басу қаупі бар
Фото: elements.envato.com
Орталық Еуропа елдері алдағы демалыс күндері болуы мүмкін су тасқынына шұғыл дайындалуда. Чехиядағы толассыз жауған жауын көршілес Польша, Германия, Австрия және Словакияда жағымсыз табиғи зардаптарға әкеледі, деп жазды Deutsche Welle.
Лондонның Императорлық колледжінің зерттеушілері Орталық Еуропада жауған алапат жаңбыр климаттың өзгеруінің тікелей салдары екенін хабарлады. Олар қазба отын шығарындыларымен жылытылатын жылы атмосфера ылғалды көбірек ұстай алады, бұл жауын-шашынның көп болуына әкеледі дейді.
Метеостанция мәліметтері 1950 жылдан бері Германияда, Польшада, Австрияда, Чехияда, Венгрияда және Словакияда қыркүйектегі жауын-шашынның екпіні айтарлықтай күшейгенін көрсетеді. Грантхэм институтының зерттеушісі Джойс Кимутай әлем таза және жаңартылатын энергия көздеріне ауыспайынша, мұндай су тасқыны одан сайын нашарлайтынын атап өтті.
Грантхэм институтының климаттану бойынша аға оқытушысы Фридерик Отто да экстремалды ауа райының жоғары экономикалық шығындары туралы ескертті.
«Германия сияқты жоғары дамыған елдердің де климаттың өзгеруінен иммунитеті жоқ екені анық. Әлемде мұнай, газ және көмір жанып жатқан сайын, жауын-шашын және басқа да экстремалды метеорологиялық құбылыстар көбейіп, планетамызды өмір сүру үшін қауіпті және қымбат орынға айналдырады», - дейді ол.
Жаңалықтар
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек