«Ауыз суға талас»: Шымкентте су мекемелері қала әкімімен дауласып жүр
Фото: freepik.com
Шымкенттегі су мекемесі әкімдік қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкентті ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС басшылары әкімдіктен қысым көріп жүрген көрінеді. 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекемеге 6 айдан бері әкімдік тарапынан тексеріс үдеген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Водные ресурсы маркетинг» ЖШС сонау 98-ші жылы жекешеленді. Тозығы жетіп, су ластанып, құбыр жарылып тұрған кез еді. Содан бергі 26 жылда компанияны көтеруге 46 млрд теңге жұмсалған. Алайда, соңғы 6 айдан бері кәсіпорын жұмысына Шымкент әкімдігі қауіп төндіріп тұр. «Стратегиялық нысан» дегенді желеу еткен қала әкімі су мекемесі басшыларын ашық қысымға алғанын айтып бүгін серіктестік өкілдері Алматыға келіпті. 6 ай бойы мемлекеттік органдар тарапынан жөнсіз тексерулер үдеп тұр. Жалғыз талап: серіктестікті су тегін мемлекетке қайтару!?» деп жазды журналист.
Су мекемесінде 2 тексеріс жүріп жатыр. Бірі – Кірістер департаменті - салық бойынша, екіншісі мемлекеттік аудит басқармасы тарапынан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық