Ауыстырылмайтын актёр жоқ: «Патруль 7» сериалының премьерасы өтті
Фото: Salem
3 наурыз күні Salem Entertainment «Патруль 7» сериалының премьерасын өткізді. 2015 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл сериалдың жалғасы Семейде түсірілген. Orda.kz тілшісі премьераға қатысып, актерлермен сұхбаттасты.
Актерлердің айтуынша, сериалдың басты мақсаты – әзіл арқылы қазақ полициясының абыройын көтеру. Семейдің таңдалу себебі – жаңадан құрылған Абай облысын насихаттау.
«Біздің патрульдің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсету. Сонымен қатар, бұл толықметражды фильмге бастау болмақ», – деді актер Әділхан Шомбалов.
Кешті Salem Entertainment басшысы Игорь Цай ашып, сериал мен алдағы фильмнің миллиондаған қаралым жинайтынына сенім білдірді.
Кейін продюсерлік қызметті де атқарған Рүстем Омаров сөз алды. Оның айтуынша, сериалды түсіру 50 күнге созылған.
BAS Production бас продюсері Ақылбек Досжанов жобаның қалай басталғанын баяндап, сериал бастапқыда скетч-шоу форматында жоспарланғанын, кейін Саида Игенбектің ұсынысымен қаржы шектеулі болса да, толық сериал ретінде түсірілгенін жеткізді.

Көрермендерге "Патруль 7" сериалының алғашқы екі бөлімі көрсетілді. Актер Еділ Анарбайдың айтуынша, бұл маусым 12 сериядан тұрады, ал 8-бөлім толықметражды фильм ретінде ұсынылады.
Рүстем Омаров сериалдың тек Алматы мен Семейде ғана емес, Қаскелең мен Талдықорғанда да түсірілгенін, ал болашақта басқа қалаларда да түсірілім жүргізу жоспарда бар екенін айтты.
«Біздің мақсатымыз – әртүрлі қалалардан актерлер табу. Мысалы, біз Семейде арнайы кастинг өткіздік, сол себепті эпизодтарда семейлік актерлер көптеп бой көрсетеді», – деді Рүстем Омаров.
Продюсер Мейіржан Төребаев туралы да өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, ауыстырылмайтын адам жоқ.
«Мейіржан Төребаев 5-бөлімнен бастап сериалға қатыспайды. Бірақ кез келген актерді алмастыруға болады. Егер мені алмастырса, орныма басқа Серік келеді», – деді ол.
Кеш соңында "Патруль" сериалының 8-бөлімі толықметражды фильм ретінде 10 сәуір күні жарыққа шығатыны хабарланды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады