Ауыр атлеттер маңдай терімен алған медальдарын қоқысқа тастады
Қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов әріптестері Альберт Линдердің қайғылы қазасына байланысты видео үндеу жасады.
25 жасар ауыр атлет Линердің жақында қайтыс болды. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы еді.
— Менің атым Макеев Михаил. Альберт Линдердің қазасынан кейін мен бір нәрсені түсіндім, жылдар бойы қан мен теріммен тапқан медальдар маған енді қажет емес. Мен өз халқым үшін емес, басқа адамдардың пайдасы үшін жаттығып, жарыстарға қатысқандықтан, маған енді олар қажет емес, - деді Макеев медальдарды қоқыс жәшігіне лақтырып жатып.
Тағы бір спортшы Самарханов та осы текстес ойымен бөлісіп, бейнежазбаға түсті.
— Баршаңызға Ассалаумағалейкүм! Мен бұл видеоны ауыр атлетикаға қатысы бар барлық адамға және қарапайым халыққа жеткізгім келеді. Біздің жағдайымызға спорт әлемінде, ауыр атлетика әлемінде, атап айтқанда Альберт Линдердің қайтыс болуына... Мен оның есімін еске алу үшін бір ауыз сөз айтқым келеді. Жас кезімізде біз үлкен биіктерге қол жеткізгіміз келді, бірақ барлық жағынан бізге кедергі көп болды. Ал Альбертпен болған жағдайда оның өміріне балта шабылды, - деді спортшы.
Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа да спорттағы қиындықтар туралы айтып өтті.
— Бізге жаттықтырушылар: «Орныңды баса алмайтын адам болмайды. Сен кетсең, басқасы келеді» деп айтатын. Сондықтан сендерді де бір күні өзгелер алмастырады. Ал бұл медальдар маған енді керек емес. Оларды үйімнің қабырғасына іліп, шаң жинап, өмірімнің бос кеткен жылдарын еске түсірудің мағынасы жоқ, - деді Самарханов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық