Ауылдағы мәдениет үйін салуға 1 млрд 200 млн теңге қажет
Фото: freepik.com
Павлодар облысындағы Жетекші ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысына 1 млрд. 200 млн. теңге қажет болған. Бұл депутаттардың көңіліне күдік ұялатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетекші ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы тоқтап қалған. Ол жердің қараусыз қалғанына 1 жыл болған. Тұрғындардың айтуынша, тендерді ұтып алған мердігер іргетасын қалап, қабырғасын жартылай көтеріп қойған. Нысан биыл сәуір айында пайдалануға берілуі тиіс еді.
«Құрылыс жұмысының баяу қарқынмен жүргізілуіне байланысты мердігер ұйыммен біржақты тәртіпте келісімшарт бұзылды. Сот шешімімен берілген аванс қайтарылды. Құрылыс материалдарының екі есе өсуіне байланысты жоба құны 1 млрд. 200 млн. теңге болып отыр. Бастапқы құны 2020 жылы 595 млн. теңге болған», - деді Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің меңгерушісі Дәулет Қабдышев.
Нысанның конкурсқа екі есе қымбат бағамен шығарылуы Мәжілістегі «Аманат» партиясы фракциясының жұмыс тобына күмән туғызып отыр.
«Мен бұл нысанда 2023 жылы болдым. Ол кезде құрылыс енді басталған екен. Мердігер бірден жобалау сметалық құжаттарында көрсетілген қаржы жетпейді деп айтты. Себебі дәл сол уақытта Павлодарское ауылында дәл осындай мәдениет үйі анағұрлым қымбат қаржыға салынып жатқан. Қаржыландыруды қайта қарап, сол мердігерге қосымша ақша бөлгенде құрылыс әлдеқашан дайын болар еді. Жаңа мердігер іздеп және қаржыны екі есе көбейту күдік тудырады. Сондықтан біз бұл мәселені бақылауға алдық», - дейді Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов.
Жаңалықтар
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты